ҚОСШАҒЫЛДА ҚҰРАНДЫ ЖАТҚА ОҚУ САЙЫСЫ ӨТТІ

Қосшағыл ауылдық мешітінде 15 жасқа дейінгі балалар арасында Дұха сүресінен Нас сүресіне дейінгі сүрелерді жатқа оқу бойынша Құран сайысы өтті.

Байқауға Жылыой ауданына қарасты мешіттерде Құран үйреніп жүрген 30 шәкірт қатысып, өзара бақ сынады. Жас өрендердің Құранға деген ынтасын арттыруға бағытталған сайыста үздіктер анықталып, жүлдегерлер марапатталды.

🥇 1-орын — Аманқұл Айшуақхан
80 000 теңге

🥈 2-орын — Амандықұлы Ерасыл
60 000 теңге

🥉 3-орын — Ибрахим Азаматұлы
40 000 теге

Сонымен қатар, сайысқа қатысқан барлық шәкіртке ынталандыру мақсатында 5 000 теңгеден табысталды.

Құранды жаттаған жас шәкірттердің білімін шыңдап, олардың Құранға деген сүйіспеншілігін арттыруға арналған мұндай тағылымды шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.