Атырау қаласында жартылай дайын өнімдер дайындайтын «Tayyb Food Co» дүкені Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» мекемесінен халал сертификатын алды.
Сертификатты мекеменің өңірдегі жауапты маманы Назарбай Базарқұлұлы арнайы табыстады.
Сертификаттау барысында кәсіпорынның өнімдері, өндіріс үдерісі және пайдаланылатын шикізат талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексерілді.
«Халал Даму» сертификаты – өнімнің халал талаптарына сәйкестігін растайтын маңызды құжат.


