Атырауда қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне облыс мешіттері 10 мың балаға сыйлық таратылды.
Атыраудағы қала және аудан мешіттері, имамдар, жанашыр жамағаттың қолдауымен дайындалған мерекелік бокстарға түрлі тәттілер салынды.
«Құрбан айт – мұсылман халқы үшін ұлық мереке. Ауызбірлік, ынтымақ, бауырмалдылықты арттыратын мерекенің маңызы, тәрбиелік мәні тереңде жатыр. Мерекені балаларға сезіндіру мақсатында осындай айттық сыйлықтар таратып отырмыз. Халқымызда «Берсең, балаға бер!» деген керемет сөз бар. Балалардың қуанғаны қандай жақсы» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.