Атырауда Атырау селолық мешітінде наурыз мерекесіне орай қайрымдылық шарасы өтті.
Іс шара аясында 10 отбасына азық-түлік таратылды. Акция әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларды қамтыды.
«Қайырымдылық шарасы тұрақты түрде өтіп тұратын болады. Біз әр ай сайын 10 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Мақсатымыз – қамкөңіл жандарға қамқорлық таныту. Халқымыз ешқашан жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған» дейді Атырау селолық мешітінің наиб имамы Асылбек Тілепбергенұлы.
Еске сала кетелік, қайырымдылық шараларын күшейту – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 7 негізгі бағыттың бірі.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.