Мүфтият зекет, қайырымдылық саласына қатысты заманауи әдістемелер ұсынуда

Елордада ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Уақып» қорының ұйымдастыруымен «Цифрлы қайырымдылық» тақырыбында республикалық оқу-семинары басталды.

Діни басқарманың «Хәкім Абай» кітапханасында өтіп жатқан семинарды Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы ашып, қатысушы имамдарға іс-шараның маңызын, бағыт-бағдарын түсіндіріп өтті.

Бұдан кейін «Зекет және қайырымдылық» қоры директоры Қанат Қыдырмин мен «Уақып» қорының төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы әр өңірден келген аталған қордың өкілдеріне тиісті нұсқамалар мен кеңестерін берді.

Айта кетейік, бір күндік оқу семинарында зекет пен уақып, қайырымдылыққа қатысты заманауи әдістемелер назарға ұсынылып, сала мамандары дәріс оқиды. Сондай-ақ семинар қорытындысында барлық қатысушыға сертификат табысталады.