Атырауда қалалық мешітте 50 отбасына азық-түлік таратылды

Атырау қалалық Құспан молла мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.

Наурыз мерекесінің құрметіне өткен іс-шара әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж 50 отбасы қамтылды.

«Қайырымдылық – халқымыздың қанына сіңген ізгі қасиет. Біз мұқтаж шаңырақтарды қолдау шараларын жалғастыра беретін боламыз. Алда қасиетті Рамазан айы келе жатыр. Ізгілік шаралары Рамазан айында да көрініс табады» дейді Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров.

Әрқайсысы 30 келі болатын пакеттерде бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер салынған.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.