amin.kz/ 29 мамыр, 2020 жыл. Атырау облысының «Иманғали» орталық мешіті зағип жандарға азық-түлікпен көмек көрсетті. Акция аясында барлығы 25 отбасы қамтылып отыр.
«Ораза айт аяқталғанымен, қайырымдылық бағытындағы шараларымыз жалғасады. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Жүрек жылуы» акциясы аясында ізгілік шараларын көбірек атқаруды тапсырған болатын. Баршаңызға Алла денсаулық берсін. Қайырымды істердің көп болуын нәсіп етсін» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.