Атырауда Тасқала ауылына қарасты «Мәулімберген» мешітінде «Көрісу» мерекесі аталып өтті.
Халқымыздың ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан айрықша мереке құрметіне орай, дастархан жайылып, ақсақалдарға, ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетілді.
«Көрісу – еліміздің батыс өңірі мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы қазақтардың арасында сақталған ежелгі дәстүр.
Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.
Көрісу — адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс» деп атап өтті іс-шара барысында «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.