«Қазан – қамқорлық айы». Атыраудағы орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесі өңірдегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарды біріктіріп отырған жергілікті қоғамдық қорларға көмек көрсетті.
Атап айтқанда, «Соқырлар қоғамы», «Саңыраулар қоғамы» сынды қорларға ет және мүмкіндігі шектеулі кісілерге арналған жөргектер үлестірді.
Айта кету керек, орталық «Иманғали» мешіті мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қашан да назардан тыс қалдырған емес.