Атырауда орталық мешіт зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсетті (+ ФОТО)

Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесі «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық мекемесіне барды.

«Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев бастаған топ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесіне барып, орталықты паналап жатқан балалар мен әйелдерге киім-кешек, күнделікті керек-жарақ заттарды табыс етті.

«Адам баласының өмірінде әр түрлі сынақтар болады, сол сынақтарға сабыр етіп ертеңнен үміт күткен жандарға жеңілдік береке болатыны қасиетті Құранда айтылған. Мешіт жанынан қашан да қолдау көрсетіліп тұрады, сіздерді сабырға шақырамын», – деп атап өтті орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.