Рамазан күнделігі: Атырауда «Иманғали» мешітінде зағип жандарға көмек көрсетілді

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде Рамазан айының құрметіне қайырымдылық акциясы өтті.

Іс шара аясында зағип жандарды біріктірген «Сенім шыңы» қоғамдық бірлестігі мүшелеріне 50 азық-түлік себеті табыс етілді.

Азық-түлік себеттерін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы табыстап, жабырқаулы жандарды қиындыққа мойымауға, жақсылықтан күдер үзбеуге шақырды.

«Әр қиындықтың артында жеңілдік бар. Сіздерді сабырлы болуға шақырамын. Біздің мақсатымыз – Рамазан айында ғана емес, әркез сіздерге мейірімді, жылулықты сезіндіру» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.