Атырауда орталық мешітте кезекті күрделі тазалық жүргізілді (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 8 мамыр, 2020 жыл. Орталық «Иманғали» мешітінде күрделі тазалық жұмыстары жүргізілді.

«Исламның өзі тазалық. Қасиетті Рамазан айында мешіттерімізде жамағатпен намаз оқылуын нәсіп еткей деп тілейміз» дейді мешіт қызметкерлері.

Еске сала кетелік, күллі әлемге тарап жатқан пандемияның ушығуына байланысты, Қазақстанның барлық мешіттерінде күрделі дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қауіпті дерттен адам өмірін сақтау мақсатында елімізде, сонымен бірге, әлемнің көптеген мұсылман мемлекеттерінде жамағат болып мешітте намаз оқу уақытша тоқтатылған еді.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.