«Иманғали» орталық мешіті жанындағы қайырымдылық мекемесі кезекті шара ұйымдастырды.
«Атырау соқырлар қоғамдық қоры» жанындағы оқу өндірістік мекемесіне азық-түлік үлестірілді. Мекеме өкілі Мадияр Мырзағалиев үнемі жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқан мешіт ұжымына алғысын жеткізді.
Еске сала кетелік, қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барлық мешіттер үшін бекіткен ең негізгі жұмыс бағыты.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.