Атырауда орталық мешітте жамағатқа ақпараттық материалдар таратылды

Орталық «Иманғали» мешітінде жамағатқа діни ақпараттық материалдар үлестірілді.

Ақпараттық материалдар негізінен тыйым салынған экстремистік ұйымдар, жат ағымдардың адамды арбау әдістері туралы мәліметтерден тұрады.

Атырау облысы дін істері басқармасына қарасты ақпараттық талдау орталығы ұсынған материалдарды таратудағы басты мақсат – жат ағымдармен күресу.

Атап өту керек, еліміздің батыс аймақтарында дін атын жамылған экстремистік, радикалдық ұйымдар және олардың ерушілері мәселесі өте өткір тұр.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.