Атырау қаласы, Жұлдыз ықшамауданына қарасты Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде өткен қайырымдылық шарасы 20 отбасын қамтыды.
Ізгілік шарасы әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларын қамтыды.
Қайырымдылық шарасы аясында мұқтаж отбасыларға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері табыс етілді.
Еске сала кетелік, қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен жеті негізгі жұмыс бағытының бірі.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.