Атырауда «Рамазан – мейірім айы» атты рухани кеш өтті

Атырауда әйелдер жамағатының ұйымдастыруымен рухани кеш өтті.

Рамазан айының кереметтері, Рамазанның нығметі тақырыбында дәрістер оқылып, викториналық сұрақтар қойылған кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

«Рамазан айында адам өз-өзін жан-жақты тәрбиелеу мүмкіндігін жіберіп алмауы керек. Бұл айда әр күнді жақсы амал жасаумен, өзін дамытумен, білім алып, кітап оқуға уақыт арнаумен өткізген қайырлы. Және салауат айтуды да әдетке айналдырған жөн» деді ҚМДБ жанындағы Әйелдер – қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің жетекшісі Ардақ Сайынқызы.

111 адам қатысқан шара сұрақ-жауап форматында жалғасты.