Құрбан айттың қадір-қасиеті кеңінен насихатталды

Құрбан айт мерекесінің рухани мәні мен қоғамдағы орнына ерекше назар аудару мақсатында өңір имамдары жергілікті телеарналар мен баспа басылымдарына алты мәрте сұхбат берді.

Сұхбат барысында дін өкілдері Құрбан айттың ислам дініндегі маңызын, оның адамгершілік, мейірім және қайырымдылық құндылықтарын нығайтатын ерекше мереке екенін кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, құрбан шалу рәсімінің мәні, оның әлеуметтік қолдаудағы рөлі және мұқтаж жандарға көмек көрсету дәстүрі де жан-жақты баяндалды.

Имамдар өз сөздерінде мерекенің басты мақсаты – қоғамда бауырмалдық пен бірлікті арттыру, мұқтаждарға қолдау көрсету және рухани тазалыққа үндеу екенін атап өтті.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған бұл сұхбаттар арқылы Құрбан айттың тәрбиелік және рухани маңызы кеңінен насихатталып, халық арасында оң көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.