Қызылқоға ауданына қарасты Абай ауылындағы Бөкен би мешітінде Алаш арыстарының өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында оқушылар арасында танымдық сайыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа Алаш қайраткерлерінің ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегін таныту, олардың әдеби және рухани мұрасын дәріптеу, оқушылардың тарихи танымын кеңейту болды.
Сайыс барысында қатысушылар Алаш арыстарының шығармаларынан үзінділер оқып, олардың өмір жолы мен қоғамдық қызметіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Білім мен шығармашылық қабілет сынға түскен додада оқушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Қазылар алқасының шешімімен:
- І орын – Наурыз Жанқош (Жаңашаруа орта мектебі);
- ІІ орын – Темірбек Ақнұр (Қаракөл орта мектебі);
- ІІІ орын – Құрманғали Көзайым (Қаракөл орта мектебі) иеленді.
Сайыс соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар арнайы марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдірілді. Мұндай тағылымды шаралар жас буынның ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, тарихи санасының қалыптасуына оң ықпал етеді.







