Жылыой мешіттері қысқа дайындық жасауда

Жылыой ауданына қарасты мешіттер қысқы маусымға кешенді дайындық жүргізіп жатыр.

Мәселен, Тұрғызба ауылдық мешіті толықтай күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі таңда жылу жүйесі толық ауыстырылған мешіт жанынан дәрістерге арналған сынып, асхана құрылысының іргетасы қаланып отыр.

«Есенгелді Нұршайұлы мешітінде жылу едені жүргізілуде. Нұрқас Сатыбалды мешіті күмбезін жаңартып отыр. Енді жауын суы шатырдан мешітке ақпайтын болады. Сонымен қатар, Қапан қажы мешітінің жылу беру қазандығы ауыстырылды» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Еске сала кетелік, Жылыой ауданында қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты жеті мешіт жұмыс істеп тұр.

Жылыой ауданы аумағы 23 елді мекен, 1 қалалық, 6 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.