Пандемияға байланысты, биыл да екінші жыл қатарынан құрбан шалу қашықтықтан өтті.
Атырауда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұсынған Qurban2021 сайты арқылы құрбан малына онлайн форматта тапсырыс берген тұрғындар аманатының орындалуын аймақтың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған арнайы штаб бақылады.
Құрбан айттың үш күнінде республика бойынша мүфтият өкілдіктері арқылы, 99 254 жанұяға ет жеткізілді.
Ал, Атырау мешіттерінде Құрбан Айт құрметіне 17 400 балаға айттық сыйлықтар үлестірілді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.