Атырауда бірнеше кәсіпорынға мүфтияттың «Халал» сертификаты берілді

Олардың қатарында жартылай фабрикаттар дайындайтын цех және ет дүкендері бар.

Атырау қаласына қарасты Ақжар ауылында орналасқан «Sogym Food» мұздатылған жартылай өнімдер дайындайтын мекеме «ҚМДБ Халал» сертификатын алды. «Sogym Food» цехі Атырау қаласы маңындағы Ақжар ауылы, Достық көшесі 164 ғимаратында орналасқан.

Аталмыш цехқа берілген ҚМДБ халал сертификатының жарамдылық мерзімі 22.04.2022 жылға дейін.

Сондай ақ, Атырау қаласында орналасқан «Санжак» дәмханасы «ҚМДБ Халал» сертификатын алды. «Санжак» дәмханасы Атырау қаласы Азаттық даңғылы, 9 мекенінде орналасқан.

«ҚМДБ Халал» сертификатын алған бизнес нысанның бірі – Атырау қаласында орналасқан «Санжар» ет дүкені. Дүкен Атырау қаласында «Алмагүл» ықшам ауданы 5а мекенінде орналасқан.

«Халал Даму» мекемесінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде аталмыш дүкеннің 1:2016 «Мал бауыздау және ет өңдеу», 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қоятын жалпы талаптар стандартына сай екендігін анықтады.

Сертификат 05.04.2022 жылға дейін жарамды.


«Иманғали» орталық мешітінде «Халал Даму» мекемесінің аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлы бизнес нысан иелеріне сертификаттарды табыс етті.

Еске сала кетелік, 2014 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Халал Даму» ұйымына тиесілі «QMDB HALAL» таңбасы жасыл-сары түсті, ұлттық ою-өрнектермен өрнектелген, латын әріптерімен «QMDB HALAL» деп таңбаланған.

«QMDB HALAL» таңбасын ресми түрде сертификаттаудан өткен, өндірісі мен өнімдері мамандар тарапынан тексерілген, зертханалық және бақылау-қадағалау шаралары орындалғаннан кейін, «Халал Дамудың» бекітілген 3 стандарты негізінде сертификатталған кәсіпорындар ғана заңды түрде қолдануға құқылы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.