Рамазан: Атыраудың орталық мешітінде жарапазан айтылды (+ ВИДЕО)

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атыраудың орталық «Иманғали» мешітінде жарапазан айтылды.

Осылайша, Атырау Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бастаған «Айтайық, елімізге жарапазан» эстафетасын қабыл алды.

«Дініміз бен дәстүріміз сабақтас. Қасиетті Рамазан айында халқымыздың ұмытылып бара жатқан дәстүрін жаңғырту мақсатында осындай онлайн форматта жарапазан ұйымдастыруды жөн көрдік» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.