Атырауда «Иманғали» мешітінде сұрақ-жауап бұрышы қойылды

Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жұртшылықпен байланыстың жаңа форматын іске қосты.

Енді мешітке келушілер сұрақ-жауап бұрышына өз сауалдарын қалдыра алады.

«Кез келген толғандырған мәселелер бойынша жамағаттың жазбаша түрде сауал қалдыруға мүмкіндігі бар. Сауалдарға жауап әр апта сайын жұма күні @amin.kz_news инстаграм желісінде тікелей эфирде айтылып отырады» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.